«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПТІ АУРУ ҚАЙТА КҮШЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыздың 29-ы күнгі жағдай бойынша өңірімізде 21 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Соның ішінде 10 адамда ауру белгісі бар. Айыртау, Аққайың, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында бірер науқастан тіркелсе, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Петропавл қаласында көрсеткіш жоғары.

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 18 адамнан және эпидқадағалау мақсатында 3 адамнан алынды. Облыста полимеразды тізбекті реакция әдісімен зерттеу жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Өңір бойынша КВИ-ға 295797 зерттеу жүргізілді. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 936 сынама алынды. Жалпы, облыста 13 мың адамның қауіпті ауруға шалдыққанын айтып өткен жөн. Дерт жұқтырғандардың 3,2 пайызы – сырттан келгендер.
Соңғы күндері ел аумағында қауіпті инфекцияның өршуі байқалуда. Бірқатар өңірлерде карантин талаптары күшейтіліп, сақтық шараларына баса назар аударылуда. 2021 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта.
Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы.

 

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp