«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғамдық кеңес оң бағалады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің онлайн-отырысында Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың баяндамасы тыңдалды. Солтүстікқазақстандық полиция басшысы ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасының 2019-2021 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Атқарылатын жұмыстардың ашықтығы, айқындылығы және адал қызмет көрсету полиция органдары үшін негізгі басымдылық болып табылады. Марат Төлебаев жеке құрамның кадр әлеуетін оңтайландыру жұмысы, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы айтып берді. Облыс орталығында 41 қызметкер мен олардың отбасы мүшелері тұратын ведомстволық жатақхана жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы жергілікті атқарушы органдардың және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көмегімен Мамлют ауданының Новомихайловка ауылында арнайы учаскелік полиция инспекторы үшін тұрғын үй мен полиция пунктін салу жоспарлануда. Бұл бастаманы алдағы уақытта облыстың өзге де аудандары қолдамақ.
Марат Төлебаевтың айтуынша, сервистік модельге көшудің негізгі қағидаларының бірі – тұрғындарға жақын болу. Облысымыздағы полицияның барлық аумақтық бөліністерінде келушілерге ыңғайлы болу үшін «азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» ашылған. Сондай-ақ, облыс орталығында заманауи модульдік бекеттер жұмыс істейді. Биыл «Жас өркен», «Береке», Былғары зауыты, вокзал маңы ықшамаудандарында тағы төрт заманауи модуль тұрғызу жоспарлануда. Бұл құқық бұзушылықтардың төмендеуіне оң әсерін тигізеді.
Марат Сағынтайұлы мемлекеттік қызмет көрсету, қылмыстық істерді сапалы тергеу, бірізділік принципі бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау сияқты жұмыстардың негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшелерін тергеу бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ солтүстікқазақстандық полицейлердің Ресейдің шекаралас аумақтарындағы әріптестерімен өзара іс-қимылдарын нығайту мәселелері қызықтырды. Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері солтүстікқазақстандық полицейлердің жұмысына оң бағаларын берді.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің аға инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp