Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған кезеңнен бастап инвесторлардың қатысуымен бұрын жұмыс істегендерді қалпына келтіру мен жаңадан ашылған нысандардың есебінен мәдениет мекемелерінің саны өсті. Соның ішінде:
1991 жылы облыстық қуыршақ театры ашылды.
1999 жылы Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені салынды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ашылды.
2002 жылы Петропавл қаласының жеке құрамы бойынша мұрағат іске қосылды.
2005-2006 жылдары қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Петропавл қаласында жаңартылған тарихи-өлкетану мұражайы көрермендерін қайта қабылдай бастады.
2008 жылы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 115 жыл толуына орай Сарытомар ауылында ақынның мұражайы, сол жылы Конституция күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешені ашылды.
2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Мағжан Жұмабаев ауданында тарихи-өлкетану мұражайы құрылды.
2015 жылы күрделі жөндеуден кейін Жастар сарайы есігін айқара ашты. Онда спорт мектебі, Жастар бастамалары орталығы, 672 орындық облыстық филармонияның концерт залы жұмыс істейді.