«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

“Бірінші сынып оқушылары­ның құжатын қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. 1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектепте келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды”, – деп жазды ол.
2021-2022 оқу жылына республика бойынша 340 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарланған. Өңірде мектеп табалдырығын 8150 бүлдіршін аттайды. Гүлмира Райынбекқызының айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын “egov.kz” арқылы беруге болады. Мынадай құжаттар талап етіледі: ата-ана өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, “бала денсаулығы паспорты” және 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Бақыт ДӘУІРҰЛЫ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp