Бір күнде халықаралық авиарейстермен шетелден ПТР анықтамасыз 13 Қазақстан азаматы келді.
29 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді. 4 923 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 910 адам, анықтамасыз 13 азамат келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 587 жолаушы, анықтамамен – 2 580, анықтамасыз – 7; Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 679 жолаушы анықтамамен келген; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен – 721; анықтамасыз – 6; Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 775 жолаушы анықтамамен келген; Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 155 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырады, оның нәтижесі шыққанша карантин стационарында күтеді. Айта кетерлігі, 28 наурызда шетелден анықтамасыз келген 38 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.
https://www.inform.kz