– Жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды уақытында төлемеген. МӘМС мәртебесін жоғалтпау үшін төлемді өз бетімше жүргізе аламын ба?
Жігер БЕКЕТОВ,
Петропавл қаласының тұрғыны.
Оқырманымыздың бұл сауалына әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы Қарлығаш Ілиясова жауап берді:
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін уақтылы төлем жасау – бұл жұмыс берушінің жауапкершілігі. Егер ол талапты бұзса, оған өсімпұл салынады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені жоғалтпау үшін сіз тәуелсіз жарна төлеуші ретінде төлем жасай аласыз. Ал жұмыс беруші аударымдар мен жарналарды жүргізгеннен кейін, сіз өз қаражатыңызды “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы қайтара аласыз. Ол үшін қайтару туралы өтініш жазу, төлем туралы түбіртекті ұсыну қажет.