Тәуелсіздіктің отыз жылында Қазақ елі көк Туы көгінде желбіреген, Әнұраны әлемді шарлай әуелеген, Елтаңбасы елдіктің айшықты белгісіне айналған мемлекет ретінде танылды.
Ұлы құндылығымыздың тұғырын нықтап, керегесін кеңейту ісіне үлес қосып келе жатқан алдыңғы толқын өкілдері отыз жыл ішінде ғасырға бергісіз елеулі істер атқарылғанын жақсы біледі. Біз газетіміздің бүгінгі санынан бастап Тәуелсіздік шежіресін көрсету мақсатында “отыз жылдық жылнаманы” жеке мақала етіп оқырмандар назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Шаңырағымызға Азаттықтың ақ құсы қонған 1991 жылы елімізде, өңірімізде қандай жұмыстар атқарылғаны, нендей оқиғалар орын алғаны туралы жазылған мақаланы газетіміздің 2-ші бетінен оқи аласыздар.