«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз аң аулаған әкелі-балалы браконьер ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының тұрғындары – әкесі мен баласы сібір елігін атып, ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қызылжар ауданының Лесной ауылдық округінде болған. Учаскелік полиция инспекторы Сағидолла Етекбаев 28 наурыз күні сағат 21.30 шамасында ауылдағы автожолмен өтіп бара жатып, жолдың шетінде тоқтап тұрған «ВАЗ» автокөлігін байқаған. Полицей тоқтап, қандай көмек қажет екендігін сұраған. 64 жастағы ауыл тұрғыны көліктің сынып қалғанын, ұлының қажетті бөлшекті әне-міне әкелетіні жайлы айтқан. Алайда учаскелік инспектор 29 жастағы жігітті байқап қалған. Ол көлікке сібір елігінің денесін сүйреп әкеле жатыр екен. Учаскелік инспектор шұғыл жедел-тергеу тобын шақырды. Көліктен 12 калибрлі тегіс ұңғылы қару табылды.
Аталған факті «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. «Ауыл тұрғынының айтуынша, ол қарудың серіппесін ауыстырып, тексеріп көрмек болған. Сол үшін ұлымен орманға барған. Жолда олар елікті көрген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл жыл басынан ауданда анықталған заңсыз аң аулаудың алғашқы жағдайы. Облыста аң аулау маусымы өткен жылдың желтоқсан айында жабылғанын солтүстікқазақстандықтардың есіне саламыз», – дейді Қызылжар ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы Пётр Климов.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp