Облыс аумағында орналасқан колледж студенттерінің басым көпшілігі тегін білім алады.
Бүгінгі таңда 25 оқу орны техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлайды. Статистика департаментінің деректері бойынша мамандар даярлауға 1012 оқытушы жұмылдырылса, 298-і – жоғары санатты, 222-сі – бірінші санатты, 217-сі – екінші санатты, 275-і – санатсыз.
2020-2021 оқу жылы 3880 үміткер оқуға қабылданды. Бұл – алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға көп. Қабылданған студенттердің жалпы санының 22,7 пайызы – ақылы, 77,3 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. 2019-2020 оқу жылына қарағанда студенттердің саны 2,1 пайызға азайып, 10 724 адамды құрады. Оның ішінде 47,2 пайызы – қыздар. Мемлекеттік тілде білім алатындардың саны – 15 пайыз.
Студенттердің 90,7 пайызы – күндізгі, 8,8 пайызы – сырттай, 0,5 пайызы кешкі оқу бөлімінде оқиды.
2020-2021 оқу жылының басында 3716 түлек мамандық алып шыққан. Бұл – алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға артық.
Жансая ҚАЙЫПОВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.