«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Майлы дақылдар алаңы артты – Сапархан Омаров

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Солтүстік Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті жайында баяндады.

«Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша үлкен әлеуетке ие. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2021 жылға дейінгі кешенді жоспарында көзделген шаралардың арқасында облыс үшін өткен жыл оң нәтижелер көрсетті. Өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру аясында соңғы үш жылда майлы дақылдар алаңы 1,3 есеге ұлғайып, өткен жылы 922,6 мың гектарды құрады. Машина-трактор паркін жаңарту жөніндегі міндет аясында 2020 жылы 2085 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл 2018 жылғыдан 33,6 пайызға көп», – деді министр. Оның айтуынша, мал шаруашылығында үш жыл ішінде қуаты 36 мың тонна сүтті құрайтын жаңа 12 сүт кешені және 3 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Тайынша ет комбинатына жаңғырту жүргізілді, сондай-ақ «BioOperations» ЖШС зәкірлік кәсіпорнымен астық өндіру және өңдеу жөніндегі экожүйе құрылуда. «Нәтижесінде облыстың жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылы 779 млрд теңгені құрады. Бұл – жалпы республикалық көлемде өңірлер арасында екінші орын, ал ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі бойынша өңір бірінші орында. Алайда, бұл ауыл шаруашылығы бойынша айтарлықтай серпіліс жасау үшін жеткіліксіз», – деді С. Омаров.
www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp