«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИІМДІЛІГІ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану – Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Біздің мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді жүргізу үшін сандық технологиялардың көмегіне көп жүгінеді.

Озық технологиялар біздің өмі­рімізге тез енуде. Ғаламтор, жа­санды интеллект, құлтемірлер, әлеуметтік желілер, бұлтты тех­но­логиялар, киберқауіпсіздік жә­не тағы басқа жаңашылдықтарды атап айтуға болады. Алайда, жа­ңа ұғымдар мен құбылыстар ту­ралы естігені болмаса, арамызда оны пайдалануды білмейтіндер де бар. Бүгінгі таңда көптеген ша­руаларды ғаламтордың көмегі­мен атқаруға болады. Аукцион­дардың өзі интернетке көшкеніне де біраз уақыт болып қалды. Бі­рақ жерлестеріміздің бірқатары мем­лекеттік меншікті жекеше­лен­діру мақсатында ашылған www.gosreestr.kz веб-порталы барынан бейхабар.
Бұл сайтта мемлекеттік мен­шікті сату бойынша конкурстар өт­кізіледі. Қазақстандықтардың ұсы­ныстары ескеріле отырып жасал­ған портал азаматтардың мем­ле­кеттік меншікті жекешеленді­руге қа­тысу үрдісін жеңілдете түсті. Мы­салы, сайтта тегін тіркелуге бо­лады, әрі қарай да сайтты пай­далану ақы төлеуді қажет ет­пей­ді. Аукциондар электронды фор­матта өткізіледі. Ал кепілдік жар­наларын үйден шықпай онлайн режімінде төлеу мүмкіндігі қа­растырылған.
Пандемия кезінде көптеген қо­ғамдық іс-шараларға шектеулер енгізілгенін білеміз. Бұл кезде мем­лекеттік мүлікті жекешелен­діру бойынша жұмыстар элек­трон­ды форматта жүргізілді. Яғни, жұмыс­тың бір сағатқа да тоқ­тамағанын атап өткім келеді. Сайттың ста­тистикалық дерек­те­ріне сәйкес біздің департамент 2020 жылы құны 24 миллион теңгеден асатын 47 мемлекеттік мүлік нысанын же­кешелендірді. Соның ішінде әдет­те заңды тұл­ғалардың қызғу­шы­лығын тудыра қоймайтын рес­пуб­ликалық мен­шіктегі нысандар мен ғимаратты жөндеу үшін кете­тін қаражат жа­ңасын салуға кете­тін шығыннан асып түсетін тозығы жеткен ны­сан­дар да бар. Мәсе­лен, жалпы аумағы 4784,2 шаршы метрді құ­раған цехтан біздің де­партамент 1429313 теңге пайда тү­сірді. Ны­сан электронды аук­ционда ба­ғаны төмендету әді­сімен сатыл­ды.
Былтыр мүлікті сатудан түскен қаражаттың 1429313 теңгесі қи­раған ғимараттарды, ал қалған 23274217 теңге автокөлік, құрал-жабдықтар және басқа да мү­лік­терді сатудан түсті. Департамент басшылығы ашық диалог жүр­гізу­ге әрдайым дайын екенін атап айт­қым келеді. Солтүстікқазақ­стан­дықтар тарапынан қандай да бір сұрақтар туындаған кезде біз­дің департаментке 8(7152)46-56-16 нөмірі бойынша хабарласып, мамандардан кеңес ала алады.

Далабай ҚАБДУАЛИЕВ,
мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаментінің бөлім басшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp