«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қай пәннен емтихан тапсырады?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Газетіміздің Қызылжар ауданында­ғы оқырманы Мұрат Құсайыновтың: “Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?” – деген сауалына облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі Валентина Черных Білім және ғылым министрлігінің шешіміне орай 9-шы және 11-ші сынып бітірушілер мемлекеттік емтиханды қай пәндерден және қандай форматта тапсыратынын түсіндірді.

– 9-шы сынып оқушылары үш емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.
11-ші сынып оқушылары төрт емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; алгебра және ана­лиз бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; Қазақстан тарихынан тестілеу; өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp