Облыста мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасы 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл жолғы дәстүрлі шара пән мұғалімдері қауымдастығының қолдауымен 31 наурызға дейін жалғасып, аудандық кезеңнің 100-ден аса жеңімпазы өзара бақ сынасады. Бұған дейін өткізілген аудандық кезеңдерге 2 мыңнан астам ұстаз қатысқан болатын.
Өткен жылы байқау тек химия және биология пәні мұғалімдерінің арасында өткізілсе, биыл ауқымы кеңейіп, физика, математика, тарих, география, қазақ тілі пәндері және бастауыш сынып ұстаздарын қамтып отыр. Басты мақсат – үздік те талантты мұғалімдерді анықтау.
Олимпиада жеңімпаздары марапатталып, сертификаттар тапсырылады.
Айгүл ЖЫЛҚОЖИНА,
әдістемелік орталық және ақпараттық технологиялар орталығы
директорының орынбасары.