«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әсет Ерғалиев СҚО-да қандай медицина және білім беру нысандары салынатынын айтты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында 16 мектеп салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында СҚО-ның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құру көзделген. Облыстық көпбейінді аурухана, сондай-ақ аудан орталықтарында, тірек және спутниктік ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысан салынады», – деді министр.

Оның айтуынша, үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында 16 мектеп салынады. Сондай-ақ, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық оңалту мектеп-интернатының құрылысы жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Назарбаев Университетінің және Академиялық көшбасшы орталығы тәжірибесі бойынша ЖОО құрылатын болады.

Бұдан бөлек, курсанттардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсарту және офицерлерді даярлау сапасын арттыру мақсатында Ұлттық ұлан Әскери институтының ғимараттары мен құрылыстарын салу жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Оны іске асырудың жалпы сомасы 1,8 трлн теңге.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp