«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда коронавирустың алматылық штамы пайда болуы мүмкін бе?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада «коронавирустың алматылық штамы пайда болды» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде «алматылық штамға» қатысты ресми ақпарат жоқ. «Британдық және Оңтүстік Африка штамына қатысты зертханалардан ресми жауап алдық. Ал «алматылық штамға» қатысты ресми мәлімет жоқ. Әрине, БАҚ-та әртүрлі нәрсе жазылады. Оны тексеріп алу қажет, қолда ресми мәлімет болуы керек қой. Біз ресми орган ретінде тек ресми мәліметке сүйене аламыз», – деді Жандарбек Бекшин. Айта кетейік, ғалымдар Қазақстанда COVID-19-дың «алматылық штамы» пайда болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, коронавирустың жаңа штамы Алматыға ғана тән болуы мүмкін.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp