«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 31.03.2021

ОБЛЫСТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды. Алқалы мәжілісте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Қазақ елі тағы бір тарланынан айырылды

Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева көрнекті сәулетші, Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлихановтың қазасына байланысты желіде осылай деп көңіл айтты.

Әбілқайыр ДОСОВ (1899-1938)

Бұрынғы Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында туған. 1916 жылы Омбы орыс-қазақ жетім балалар пансионына орналасып, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесінің мүшесі болған. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қазақ кеңесі мен революциялық трибунал мүшелігіне сайланады. Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарады. Көкшетау облыстық төтенше комиссиясының инспекторы, РК (б) П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қазақ …

Әбілқайыр ДОСОВ (1899-1938) Read More »

Мұқан ӘЙТПЕНОВ

Қоғам қайраткері. 1917 жылы көктемде Омбы уездік қазақ комитетінің төрағасы, қараша айында «Үш жүз» партиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі партия ОК-нің алғашқы төрағасы болды. Партия басшылығы екі жікке бөлінгенде, Әйтпенов «Үш жүзді» тастап, Алашқа қосылды. «Кедей сөзі» газетіне басшылық жасады.

Смағүл СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1933)

Туған жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындагы Ұялы ауылы. 1912 жылы ауылындағы Әбіл молданың мектебін бітірген соң екі сыныпты Полтавка орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан кейін Омбыда: 1916-1918 жылдары сондағы ауыл шаруашылығы училищесінде, 1918 жылы политехникалық институт жанындағы кооперация курсында және ауыл шаруашылығы институтының кооперация факультетінде білім алады. Еңбек жолын Шарлақ уезіндегі Сиыршы ауылындағы орыс-қазақ мектебінде …

Смағүл СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1933) Read More »

Мағжан ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)

Ақмола уезіндегі Полудин болысында (Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, оны 1910 жылы жақсы үлгеріммен тамамдайды. Онымен де қанағаттанбай, Уфаға аттанып, дәрежесі жағынан жоғары оқу орнына пара-пар «Ғалия» медресесіне түседі. 1912 жылы «Шолпан» атты алғашқы кітабы жарық көрді. …

Мағжан ЖҰМАБАЕВ (1893-1938) Read More »

Сабыр АЙТҚОЖИН (1895-1937)

Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында туған. Көкшетау мешітінің жанындағы медреседе хат танып, сауатын ашқан. 1914-1916 жылдары Қызылжардағы мұсылман-қазақ мектебінде оқыған. 1916-1919 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде білімін толықтырады. Онда «Садақ» журналын шығаруға қатысады.

Елжас БЕКЕНОВ

1892 жылы Көкшетау облысының Чкалов ауданындағы Абай ауылында туған. Жазушы, әдебиет зерттеушісі ретінде әр түрлі жанрда шығармалар жазған. 1922-1924 жылдары Орынбор қаласындағы рабфакта оқыған. 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер, 1929-31 жылдары «Кеңес ауылы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») газетінде редактордың орынбасары, кейін редакторы болған. 1935- 38 жылдары облыстық «Ленин туы» газетінде қызмет атқарған. 1938 жылы …

Елжас БЕКЕНОВ Read More »

Жиенғали ТІЛЕПБЕРГЕНОВ (1895-1933)

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1918-1920 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1921-1925 жылдары Темір уездік оқу бөлімінің инспекторы, кейіннен меңгерушісі болды. 1925-1926 жылдары Ақтөбедегі «Кедей» газеті редакторының орынбасары, кейіннен редакторы болып журналистік жолын бастады. 1925-1927 жылдары «Бостандық туы» газетінің редакторы болды. 1927 жылы Петропавл педагогикалық техникумының директоры қызметіне кірісті. 1928 жылы Қызылордадағы Қазақ …

Жиенғали ТІЛЕПБЕРГЕНОВ (1895-1933) Read More »

Зәйтүн СЫЗДЫҚОВ

1900 жылы бұрынғы Қарқаралы уезінің Семей губерниясындағы Бөріқара болысының № 1 ауылында туған. 1920-1921 жылдары Қарқаралы көлік бөлімінде еңбек жолын бастаған. 1921-1922 жылдары Қарқаралы қаласында кіші милиционердің киімін киіп, тәртіп күзетінде тұрды. 1922-1924 жылдары Семейде іс-қағаздарын жүргізу курсында тыңдаушы болды. 1924-1926 жылдары Семей губерниялық советтік партия мектебінде оқыды. 1926-1927 жылдары Семей уезіндегі Қызылтаң, 1927-1928 жылдары …

Зәйтүн СЫЗДЫҚОВ Read More »

Тілеулес БАЛТАҒОЖИН

1908 жылы бүрынғы Ақмола облысының Сталин ауданындағы Бөріктал ауылында туған. Алексеевка орыс мектебін бітірген. 1930-1931 жылдары Сталин аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының инспекторы болып еңбек жолын бастады. 1932-1933 жылдары аудандық түтынушылар одагының меңгерушісі болды. 1932-1934 жылдары МТС жұмысшылар комитетінің төрағасы болып қызмет істеді.

Өміржан ОСПАНОВ

1915 жылы бұрынғы Ақмола уезінің Ақсирақ болысындағы Ұста ауылында туған. 1931-1932 жылдары Бурабай орман техникумында оқиды. 1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысгық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер болып істейді. 1943 жылы «Ленин туы» газетінің (қазіргі «Солтүстік Қазақстан» газеті) редакторы болып тағайындалып, оған көп жыл басшылық жасаған.

КӨРЕРМЕНДЕР ЫҚЫЛАСЫ

Жастар сарайында Ақан сері атындағы облыстық филармония солистерінің қатысуымен камералық хордың концерті өтті.

Балтабек АСАНОВ (1907-1979)

Павлодар облысының Баянауыл өңірінде өмірге келген. Еңбек жолын 1920 жылы Екібастұздағы №1 шахтаның кен жұмысшысы болудан бастады. 1933 жылы журналистік жолға түсіп, ІІавлодар өңіріндегі аудандық «Колхоз» газетінің редакторы болды. Одан кейін Магнитогорск қаласындағы «Магнитогор жұмысшысы» газетінің редакторы қызметін атқарды.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ

Өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл шара қайсар қайраткердің туғанына 106 жыл толуына орай ұлт күрескерінің есімін ұлықтау, ерлік істерін жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Құрмантай МЕҢДІҒОЖИН

1917 жылы бұрынғы Ақмола облысының Алексеев ауданындағы Ерназар ауылында туған. Еңбек жолын 1939 жылы Солтүстік Қазақстан облысының «Ленин туы» газетінің әдеби қызметкері ретінде бастаған. Сол жылы Ақмола қаласындағы «Сталин туы» газетіне ауысып, соғысқа дейін сонда қызмет істеді.

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС

Ертеректе біздің ауылда Қали деген кісі өмір сүріпті. «Қалиға бақытты ғұмыр кешкізген аузынан шыққан жақсы сөзі ғой», – деп айтып отыратын көзін көргендер. Бүгінде оның он баласынан тараған ұрпақтары сол елді мекенде түтін түтетіп отыр. Бәрі ағайын-туыстың ықыласы мен рақметіне бөленген жандар, олар туралы жаман сөз, ғайбат әңгіме айтылған емес. Қали марқұм аузынан шүкірін тастамаған …

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС Read More »