Павлодар облысының Баянауыл өңірінде өмірге келген. Еңбек жолын 1920 жылы Екібастұздағы №1 шахтаның кен жұмысшысы болудан бастады.
1933 жылы журналистік жолға түсіп, ІІавлодар өңіріндегі аудандық «Колхоз» газетінің редакторы болды. Одан кейін Магнитогорск қаласындағы «Магнитогор жұмысшысы» газетінің редакторы қызметін атқарды.
1939 жылы БК(б)П Орталық Комитетінің жанындағы курсты бітіргеннен кейін республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары болып қызметке кіріседі. 1941-1942 жылдары Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы, іле-шала «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы болды.
1949 жылы Семей қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1952 жылы БК(б)П Орталық Комитеті жанындагы жоғары партия мектебін бітірген соң төрт жыл бойы Семей облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды.
1957-1963 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің редакторы. Одан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындагы меншікті тілшісі қызметімен журналистік жолын аяқтады.
Б. Асанов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталды.