«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президент кәсіпкерлер қызметіне шектеулерді біртіндеп алу туралы айтты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Цифрлық мониторинг бизнесті жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», – деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірінші кезекте сәуірде жаппай вакциналау жолымен Үкімет пандемияға қатысты жағдайды оңтайлы ете алатынына үміт арта келе, мамыр айынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері қызметіне, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға кірісуге болатынын жеткізді.
Қ. Тоқаевтың сөзіне қарағанда, цифрлық шешімдерді пайдалануды жеделдету керек. Бұл өз кезегінде карантиндік шектеулер жағдайында халықтың мобильдігін сақтауға мүмкіндік береді. Цифрлық мониторинг бизнесті жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз етеді, әсіресе қызмет көрсету мен ритейл саласында.
Сонымен қатар Президент ASHYQ жобасын масштабтау бизнестің ғана мақсаты емес екенін айтты.
«Үкімет алдында жүйені кеңейту мен белсенді енгізуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Сонымен бірге, тиісті нормативтік базаны құру маңызды», – деді Мемлекет басшысы.


https://lenta.inform.kz/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp