«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛПАМЫС БАТЫР АТЫНДАҒЫ ДОДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде қазақ күресінен Алпамыс батыр атындағы республикалық турнир өтуде. Биыл жарыс жолына еліміздің облыстарынан 80-ге жуық балуан шықты.

Пандемияға байланысты додаға әр құрама 16 палуаннан әкелді. Айта кету керек, сайыс дәстүрлі түрде жылына бір рет ұйымдастырылады. Өткен жылы эпидемиологиялық ахуалға орай турнирді өткізуге рұқсат берілген жоқ.
«Тұлпар мініп, ту алған» жобасы аясында өтіп жатқан сынның бірінші күнінде балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша, яғни 74, 82, 90, 100 және 100+ килограмда бәсекеге түсті. Ал жарыстың екінші күнінде боз кілемге 55, 60, 66 килограмм және түйе палуандар салмағында белдесті. Командалар жоғары оқу орнының кубогы үшін бақ сынасуда.
Сондай-ақ, осы жолы турнирде жергілікті университеттің балуандарымен қатар «Қызылжар арландары» спорт клубының өкілдері де қатысуда.

Аманжол НҰРТАЗИН,
«Soltüstık Qazaqstan»

 
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp