«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді. 4 685 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 4 675 адам, анықтамасыз – 10 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: – Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 324 жолаушы, анықтамамен – 2314, анықтамасыз – 10; – Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген; – Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 009 жолаушы анықтамамен келген; – Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 59 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. Анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 31 наурызда Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp