Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 3 сәуір күні облыс аумағында желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.