«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы әуе рейсі маусым айында қайта жанданады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл жаз кезінде Қазақстан мен Мажарстан арасында әуе байланыстары жанданады. 

Бұл туралы Елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздерден кейін Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийарто мәлім етті. «Біздің елдер астаналары арасындағы «Будапешт-Нұр-Сұлтан» тікелей әуе байланысы биылғы маусым айында қайтадан жанданатын болады. Сонымен қатар, «Будапешт-Нұр-Сұлтан-Бейжің» әуе байланысы қосылады», – деді П. Сийарто. Оның айтуынша, коронавирус жағдайында вакциналау өте маңызды болып отыр. Мажарстан министрі вакцинаның бірінші компонентін алғанын, таяу арада екінші компонентін алуға баратынын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі келессіөздерден кейін тараптар екі ел арасындағы бірнеше құжатқа қол қойды. Айта кетейік, Орталық Азия өңірінде мажар компанияларының мүмкіндіктері кеңейтілмек.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp