«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 7, 2021

САБЫР ТҮБІ – САРЫ АЛТЫН

«Жоқшылыққа да, таршылыққа да, қара жұмысқа да төзген біздің жанымыз сірі екен. Қазіргі жастар шыдамайды. Сәл қиналса болды, дүниенің астаң кестеңі шыққандай күй кешеді. Бір ауыз сөзді көтере алмайтын жүйкелерің бар болсын. Біз ауыр сөзді жүрегімізбен, ауыр жұмысты білегімізбен көтердік емес пе?», – деген Қанипа әжейдің ашудан булығып шыққан дауысын төңірек түгел естімегенімен, құдайы көршісі …

САБЫР ТҮБІ – САРЫ АЛТЫН Read More »

ЖАС ДАРЫНДАР

Алматы қаласында дарынды балаларға арналған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында жас орындаушылардың IХ республикалық байқауы өтті. Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен шараға Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің шәкірттері де қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

ҰЛТ КҮРЕСКЕРІ

 «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені халқымыздың ардақты перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы» атты жылжымалы көрме өткізуде.

Бейнекамера бұлтартпайды

Петропавл қаласының көшелерінде «Интегра» және «Мираж» интеллектуалды бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді. Яғни, ереже бұзу фактісін автоматты түрде тіркейтін 43 бейнекамера бар. Абай – Нұрсұлтан Назарбаев, Интернационал – Жамбыл, Интернационал – Астана көшелерінің қиылыстарында орнатылған камералар бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту немесе «Тоқта!» деген сызықтан асып тоқтаушыларды тіркейді. Ал Жамбыл – Партизан, Ғабит Мүсірепов – Жамбыл, …

Бейнекамера бұлтартпайды Read More »

БАР ҚАРЖЫСЫНАН ҚАҒЫЛДЫ

Ұлын оқыту үшін депозитке ақша жинаған әйел кибералаяқтардың құрығына түсіп, бір күнде бар жинағанынан айырылып қалды. Наурыз айының ортасында оған өзін қауіпсіздік қызметінің маманы және банктің менеджерімін деп таныстырған белгісіз ер адам мен қыз хабарласқан. Олар 7 минут бұрын оның атына бөтен адамның ірі көлемде несие ресімдегенін айтып қала тұрғынын сендірген және алаяқтардан қорғану үшін …

БАР ҚАРЖЫСЫНАН ҚАҒЫЛДЫ Read More »

ЕКПЕ АЛУ – ЕРІКТІ

Бүгінде №1 қалалық емханада вакциналау шаралары белсенді жүргізілуде. Коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін 895 адам алды. Медицина мамандары, мұғалімдер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен басқа, 100-ден астам қызылжарлық ерікті түрде екпе салдырды.

ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР

Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында баскетболдан жоғары лига командалары арасындағы XXVIII ел біріншілігінде топ жарған «Барс» баскетбол клубы және волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лига ойындарында үшінші орынға табан тіреген жергілікті «Қуаныш» клубының спортшыларын марапаттау салтанаты өтті. Бұл – облыс тарихында бұрын болмаған айтулы жеңістер.

УКРАИН ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

Қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және «Світанок» украин мәдени орталығының қолдауымен Петропавлда Тарас Шевченко атындағы украин әндерінің IV халықаралық фестивалі өткізілді. Онлайн шараға, еліміздің өңірлерінен, сонымен қатар Ресей және Украина елдерінен шығармашылық ұжымдар қатысты.

ҚЫРДАҒЫ ДҮБІР ҚАРСАҢЫНДА

Облыста биыл 4,3 млн. гектар алқапқа егін егілмек. Оның 22 пайызын майлы дақылдар құрайды. Атап айтқанда, 2,9 млн. гектарға бидай, 950 мың гектарға майлы дақылдар, 329,4 мың гектарға жемшөп егілсе 38,8 мың гектарға картоп пен көкөніс отырғызылмақ.