Солтүстік Қазақстан облысында бензин бір түннің ішінде бірден 10 теңгеге қымбаттады. Осылайша шамамен бір айдың ішінде жанармай үшінші рет қымбаттап отыр.
Сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі Петропавлдағы жанар-жағар май құю бекеттерінде 177-178 теңгеден сатылып жатыр. Кеше кешке жанармайдың литрі 168-169 теңгеден саудаланған болатын. Ақпан айында солтүстікқазақстандық автокөлік иелері бензиннің литрін 155 теңгеден сатып алса, наурыз айының басынан бері бағасы үш рет өзгеріп, 20-23 теңгеге қымбаттады. Ал, 95-ші маркалы бензиннің литрі екі апта бұрын 185 теңгеден сатылса, енді 3 теңгеге қымбаттап отыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бұған дейін бензин бағасының өсуіне зауыттардың өз өнімін қымбаттатып жібергені әсер еткенін айтқан еді.
https://www.inform.kz