«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УКРАИН ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және «Світанок» украин мәдени орталығының қолдауымен Петропавлда Тарас Шевченко атындағы украин әндерінің IV халықаралық фестивалі өткізілді. Онлайн шараға, еліміздің өңірлерінен, сонымен қатар Ресей және Украина елдерінен шығармашылық ұжымдар қатысты.

«Украинские вечорныци» вокалдық ансамблінің жетекшісі Александр Кокорин режиссерлік еткен шараның басты мақсаты – украин этносының салт-дәстүрін насихаттай отыра, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлтаралық келісімді нығайту. Фестиваль вокал, би, аспапта ойнау және театр аталымдары бойынша өтті. Шараға қатысуға ниет білдіргендер өз өнерлерін бейнежазбаға түсіріп жіберді, ұйымдастырушылар одан онлайн-концерт жасады. Бұл концертті «Youtube» арнасы арқылы және әлеуметтік желілерден де тамашалауға болады.

Фестивальға біздің облыстың атынан қалалық Мәдениет үйінің «Украинские вечорныци» вокалдық тобы қатысты. Бұл өнер ұжымы Жамбыл ауданында жұмыс істеп келген «Украинские посиделки» тобының негізінде құрылған. Әншілердің бәрі бірдей украин ұлтының өкілі болмағанымен, орындаушылық шеберліктерімен таңғалдырды. Мәдениет үйінің «Теріскей» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шарада қазақ әндерінен попурри орындап, жетекшісі Жеңіс Қабдолбариев украин тілінде «Чорнії брови, карії очі» әнін шырқады.

Фестивальдің құрметті қонақтары – Украинаның Чернигов облысына қарасты Нежин қаласындағы Мария Заньковецкая атындағы мәдениет және өнер колледжінің академиялық хоры өз өнерлерін көрсетті. Н.Гоголь атындағы Нежин мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Дмитрий Бугрей «Пiдкручу я чорнii вуса» әнін орындады. Барнаулдық «Узорье» фольклорлық ансамбілінің де өнеріне көрермен тәнті болды.
Елена КИРЕЕВА,
«Світанок» украин мәдениеті орталығының мүшесі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp