Қазақстандықтар 19 млрд теңге көлік салығын төледі
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7 млрд теңге түсті. Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 млрд теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жібергеннен кейін 13,1 млрд теңге түскен. Мұндай статистиканы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.