«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ДАРЫНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласында дарынды балаларға арналған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында жас орындаушылардың IХ республикалық байқауы өтті. Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен шараға Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің шәкірттері де қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Бұл шараға арнайы фортепиано, үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімдерінің оқушылары қашықтан қатысып, білім ордасының намысын қорғады. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Жәния Әубәкірова, профессор Венера Ибраева, Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының профессоры Марат Ғұмаров қазылық еткен байқау пианистер үшін жемісті болды. Кіші топта Диляра Шарапиденова І дәрежелі, ересектер тобында Валерия Зологина ІІІ дәрежелі орындарға ие болды. Орта топта өнер көрсеткен Мария Кудальцова мен үрмелі және ұрмалы аспаптардан Алексей Скорынин дипломант атанды.
Оқушылардың жеңісі ұстаздардың жемісті еңбегінің нәтижесі екенін айтқан жөн. Әсіресе, пианинодан сабақ беретін Елена Вчерашняя сияқты білікті мамандардың еңбегі ерекше.
Әлия ӘСКЕРОВА,
Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары .


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp