«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтқару қызметінің 65 маманы вакцина салдырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің 65 қызметкері коронавирусқа қарсы екпе алды. Қалғандары жақын күндері өңірге қажетті вакцина келісімен егілмек.

Вакцинацияның алдында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді. Екпе алудың маңыздылығы түсіндірілді, жадынамалар таратылды, Петропавлдағы№ 2 емхана өкілі – эпидемиолог дәрігер Фарида Мұхамеджановамен кездесу ұйымдастырылды. «Дәрігер профилактикалық егулерге қатысты нормативтік құжаттармен таныстырып, вакцина егуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімін, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны енгізу механизмі мен тактикасы туралы айтты. Сондай-ақ, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді», – дейді «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз хатшысы Амангелді Әуесханов. Құтқарушылардың алғашқы легі – 65 адам № 2 емханада COVID-19-ға қарсы вакцинаны алды. Қалған қызметкерлер жақын күндері өңірге вакцина келісімен егілмек. «Медициналық мекемеде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып екпе алдық. Бұл – жауапты шешім. Отбасым мен айналамдағы адамдар алдындағы жауапкершілікті түсіне отыра вакцина салдырдым», – дейді Петропавл қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің Данияр Әлімкин. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде 6980 адам вакцинаның бірінші компонентін алды. 2280 адам толық вакциналаудан өтті.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp