«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНЕҢДІ ТІК ҰСТА!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жасөспірім кезімізде үлкендердің “бүкірейме”, “үстелге түзу отыр”, “денеңді тік ұста” деген ескертпелерін жиі еститінбіз. Алайда, бұл тыйымдарға аса қатты мән бермейтін едік. Сол ескертулердің бәрі омыртқаның саулығын ойлағаннан туындағанын кейін білдік. Ал омыртқа – адам денесінің ең маңызды бөлігі.

Өкінішке қарай, қазір жеткіншектер арасында омыртқаның қисаюы жиі кездеседі. Омыртқа жотасының бір бүйірге қарай қисаюы медицинада сколиоз деп аталады. Оның кең таралған түрлері идиопатикалық сколиоз бен туабітті сколиоз.
Омыртқаның қисаюын ерте анықтау қиын. Аурудың ең алғашқы белгілері ретінде арқадағы ауырсыну, тез шаршауды айтуға болады. Арқасы ауырған баланың сабаққа зейіні нашарлап, өзіне ыңғайлы жаққа жатқысы келеді. Осындай белгілер байқалса, мұғалім баланың ата-анасына ескертіп, оны ортопед дәрігерге апаруы керек.
Жасөспірімді жүргенде және тұрғанда денесін дұрыс ұстауға үйрету маңызды. Тұрған кезде салмақты бір аяққа түсіріп тұру омыртқаның қисаюына әкеледі. Егер оқушы сөмкесін үнемі бір жаққа көтеріп жүрсе, дене дұрыс дамымайды. Сол себепті баланың сөмкесін арқалап жүруін қадағалау қажет.
Бұл дерт ұлдардан гөрі қыздар арасында бірнеше есе көп кездеседі. Ауруды дер кезінде емдемесе, жүрек пен тыныс жолдарына зақым келуі мүмкін. Сколиоз диагнозы қойылған науқас 6 ай сайын ортопедке тексеріліп тұруы тиіс.

Асылжан РАХМЕТОВА,
Солтүстік Қазақстан жоғары
медицина колледжінің түлегі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp