«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 9, 2021

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

Тимирязев аудандық кітапханасында «Эрудит» балаларды дамыту орталығы ашылды.

ЖАС ҒАЛЫМҒА – ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Жастар және ғылым – 2021» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету мақсатын көздеген дәстүрлі шара «ZOOM» платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.

АУРУ ЖҰҚТЫРҒАНДАР КӨБЕЙДІ

Қауіпті коронавирус індетін жұқтырғандар санының өсуіне байланысты облысымыз «сары» аймаққа кірді. Осыған байланысты сәуірдің 12-нен бастап өңірде бірқатар шектеу шаралары енгізіледі.

ДАРАБОЗ БАТЫР

«Абылай хан резиденциясы» музей-кешені «Қаракерей Қабанбай батыр» атты онлайн музей сабағын өткізді.

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жерлес зілтеміршілер Қостанайда ауыр атлетикадан өткен ел біріншілігінен олжалы оралды. Додада еліміздің түкпір-түкпірінен 17 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы бақ сынады.

Өтемақы алған аналар қаржыны мемлекетке қайтаруға мәжбүр

Мағжан Жұмабаев ауданында бұған дейін жүйелі түрде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып келген отбасылар жүздеген мың теңгені қайтаруға мәжбүр. Мәселен, үш баланың анасы Виктория Красавина 280 мың теңге қарыз болып қалған. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болғандықтан, оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан АӘК алу ұсынылып, ай сайын 70 мың теңге рәсімделгенде …

Өтемақы алған аналар қаржыны мемлекетке қайтаруға мәжбүр Read More »

РӨЛДЕ – МАС ӘЙЕЛ

 Айыртау аудандық полиция бөліміне Саумалкөл ауылындағы көшелердің бірінде сол жақ бүйіріне аударылған «ВАЗ-21140» көлігі жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлікті 34 жастағы әйелдің мас күйде басқарғанын анықтады.

ҚОРЖЫНДА – КҮМІС ПЕН ҚОЛА

2006-2008 жылдары туған спортшылар арасындағы белбеу күресінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дода жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты Абай Тасболатовтың құрметіне ұйымдастырылған болатын.

Жануарларға жанашырлық

Биыл қар қалың түсіп, өңіріміздегі орман-тоғайларды мекендейтін жан-жануарларға да оңай болған жоқ. Қар бетіне қабыршақ мұз тұрып, елік, марал мен қабан сияқты тұяқтыларға қиынға соқты. 

САЯХАТШЫЛАР САНЫ АЗАЙДЫ

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысына шет елдерден 2132 адам ғана келіпті. Оның көбі – іргеміздегі Ресейден жолы түскендер. Туристер санының азаюының басты себебі – әлемді шарпыған індет. Түрлі салаға тұсау салып, көбін тұралатқан да осы атың өшкір коронавирус.

Еріген қар суы жолды басып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар жөніндегі департамент күн жылынып, жаңбырдың жаууына байланысты су тасқынының болу қаупін айтып, алдын ала ескерту жариялады.

Президент: Жұрттың көпшілігі вакциналаудың маңыздылығын толық түсінбей жатыр

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ақордадағы кездесуінен видео жариялады.