«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еріген қар суы жолды басып қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар жөніндегі департамент күн жылынып, жаңбырдың жаууына байланысты су тасқынының болу қаупін айтып, алдын ала ескерту жариялады.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-11 сәуір күндері облыс аумағында ауа температурасы көтеріледі. Жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл қардың қарқынды еруіне әкеледі. Еріген қар суының ағындылары пайда болып, өзен-көлдерде су деңгейі көтерілмек. «Қардың қарқынды еруіне байланысты сақтық шараларын қолға алуды сұраймыз. Төтенше жағдай туындағанда немесе қауіп төнгенде сіздердің тәулік бойы 112 телефон нөміріне хабарласа алатындарыңызды еске саламыз», – дейді мамандар. Еріген қар суы өңірдегі Покровка-Горное-Антоновка бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының үстінен өтіп кетті. Есіл ауданы Горное елді мекенінің маңында үлкен көлге айналған қар суы автожолдың бойындағы су өткізгіш құбырлар арқылы ағып үлгермей жатыр. «Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, облыстағы өзендердің суы біртіндеп көтеріліп келеді. Мәселен, Гусаковка елдімекенінің маңында Бабық-Бұрлық өзенінің деңгейі шамамен бір тәуліктің ішінде 26 см өзгерген. Шарық өзені Рузаевка елді мекенінің маңында 47 см көтерілген.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp