«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО-ның Имантау ауылында тасқын су жылыжайды шайып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендердің суы молайып, таси бастады. Возвышенка елдімекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 273 см дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ғ.Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр. Есіл өзенінде де өзгеріс бар. Алайда әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

«Күннің жылынуына байланысты ағын сулар пайда болып, өзен-көлдерге құйылып жатыр. Су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргіземіз. Елдімекендерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Тек екі автожолдың үстінен су кетті», – дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев.

Имантау елдімекеніндегі Змейка өзені еріген қар суымен толығып, арнасынан шықты. Диаметрі 500 мм құбыр суды өткізе алмаған. Салдарынан су жолындағы бір жылыжайды шайып кетті.

«Қазір Имантау ауылында су жоқ. Жағдай тұрақталды. Арықтар қазылып, су алқапқа жіберілді. Жалпы барлық аудандарда су басу қаупі бар. Бақылауда ұстап отырмыз. Осы аптада ауа температурасы +15 градуске дейін жоғарылайды. Қазір облыс аумағының 80 %-ында қар жатыр», – дейді Рүстем Жұмағалиев.

Сілеті су қоймасы қазіргі уақытта 90 %-ға толған. Ернеуінен асу үшін 59 см жетпейді. Сергеев су қоймасы 91 %-ға толған. Есіл өзеніндегі мұз жарылған жоқ. Осы аптада ауа температурасының жылынуына байланысты мұз жүре бастайды деген болжам бар.

Қазір облыстың екі ауданында құтқарушылардың арнайы тобы жұмыс істеп жатыр. Бүгін Уәлиханов ауданына көктемгі су тасқынымен күреске осындай арнайы жарақтандырылған топ жіберіледі.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өңірдің шағын өзендерінде – Иманбұрлық, Ақанбұрлық, Мұқыр, Шарықта су деңгейі күннен-күнге көтеріліп келеді. Бір тәуліктің ішінде Возвышенка елдімекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінде су деңгейі 273 см дейін көтерілген.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp