«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Мұра таңбалары” атты көрме өтуде. Бұл шара халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда біздің өңіріміздегі 599 тарихи және мәдени ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Олар­дың сегізі республикалық маңыздағы нысан. Ескерткіштердің дені археологиялық мұра болып саналады. Қалған 162 нысан – сәулет және қала құрылысы ескерткіші. Аталған тарихи орындар және олардың фотосуреттерімен жерлестеріміз бейнелеу өнері мұражайында ашылған “Мұра таңбалары” атты көрмеде таныса алады.

– Көрмеде көпшіліктің назары­на ХХ ғасырдың басында түсірілген фотосуреттер, пошталық ашықхаттар ұсынылған. Олардан облыс орталығының сол дәуірдегі тарихы мен келбетін көруге болады. Сонымен қатар, келушілер мұнда “Қасиетті Қазақстан” жобасына енген нысандармен, өзге де тарихи-мәдени ескерткіштерімен жан-жақты таныса алады, – дейді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Рахат Мәмбеталинов.

Ескі және жаңа фотосуреттердің арасында тарихи жәдігерлерді де байқауға болады. Ұйымдастырушылар көрме сөресіне көнерген ғимараттардың сақталып қалған бөлшектерін (есік тұтқалары, топса, кірпіштер мен қыш тақтайшалар) де қойыпты. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні қарсаңында “Қасиетті Қазақстан” кітабының төртінші томының тұсаукесері, студенттер арасында тарихи орындар мен музейлерге экскурсия танымдық ойыны, Тараз қаласындағы тарихи орындарға онлайн саяхат пен қайырымдылық сенбілігі өткізіледі.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp