«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тиімділік артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру мен үнемдеу мәселесіне басымдық берілуде.

Бүгінгі таңда облыстық мемле­кеттік мүлік және жекешелендіру департаменті осы міндеттерді жү­зеге асыруға үлесін қосып келеді. Мемлекеттік мүліктерді тиімді пай­далану – департамент жұ­мы­сының басты бағыттарының бірі. Соңғы жылдары мемлекеттік ор­гандардың қарамағындағы ме­ке­мелерді қысқарту, жылжымайтын мүліктерге, көліктерге, мекеме­лер­ге қызмет көрсететін штаттан тыс жұмысшылар мен мемлекет­тік қызметшілерге кететін шығын­дарды азайту жұмыстары бел­сен­ді жүргізілуде. Нәтижесінде бюд­жет қаражаты үнемделіп, ар­тық және мақсатты пайдаланыл­маған нысандар шағын және орта бизнес субъектілеріне берілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2014 жылдан бастап “Бірыңғай теңге­рім ұстаушы” жобасы аясында жү­зеге асырылуда. Бұл мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиім­ділігін арттыруға бағытталған ма­ңызды қадамдардың бірі десек, артық айтпаспыз. Оның мақсаты – ғимараттар ұстау, автокөлік құ­ралдарына техникалық қызмет көр­сету және мемлекеттік орган­дарды өздеріне тән емес функ­ция­ларды орындаудан босату, кейіннен оларды шағын және ор­та бизнес субъектілеріне беру. Атал­мыш жоба аясында мемле­кет­тік кірістер, қазынашылық ко­ми­тетінің аумақтық бөлімше­лері­нің 29 жылжымайтын мүлік ныса­ны және 22 автокөлігі облыстық мемлекеттік мүлік және жекеше­лендіру департаментінің теңгері­міне өткізілді. Оңтайландыру бо­йынша жүргізілген жұмыстардың нә­тижесінде автокөлік құралда­ры­ның бір бөлігі басқа мемлекет­тік органдар арасында қайта бө­лінді. Ал қалғаны электрондық аукцион арқылы өз иесін тапты.

Аталмыш жобаны жүзеге асы­ру барысында 2020 жылы 18 ав­томобильді жалға алуға, әкімші­лік ғимараттарға қызмет көрсе­ту­ге (25 нысан), ғимараттарды күзе­туге (20 нысан), жылыту жүйесі қыз­метін көрсету бойынша (6 ны­сан) келісімшарттар жасалды. Нә­тижесінде бюджет қаражатының 26747,1 мың теңгесі үнемделді. Сондай-ақ, жоба аясында Тайын­ша, Айыртау, Тимирязев, Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардағы әкімші­лік ғимараттарға 67349,4 мың тең­генің жөндеу жұмыстары жүргі­зіл­ді. Бұдан бөлек, үнемделген 5725,9 мың теңгеге жылыту қа­зан­дығы, өрт сөндіргіштер, шлаг­баум және тағы басқа құрал-жаб­дық сатып алынды.

Бұдан бөлек, Тимирязев (Ти­мирязево ауылы, Горький к, 34), Айыртау (Саумалкөл ауылы, Мат­росов к, 19), Тайынша (Тайынша қ., Астана к, 170) аудандарында жүргізілген жөндеулер аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлерін басқа ғимаратқа көшіруді жүзеге асыруға мүмкін­дік берді. Нәтижесінде жалпы ау­даны 1068 шаршы метрді құрай­тын үш ғимарат босатылды. Ол өз кезегінде басқа мемлекеттік органның теңгеріміне берілді.

Жоба қолға алынғалы мемле­кеттік мүлікті басқару жаңа дең­гейге көтерілді. Қаражат бірнеше мекемеге бөлінбей, бір меншік ие­сіне жинақтала бастады. Бұл үнем­­­делген қаражатты қажетті құ­ралдарды сатып алуға және ғи­ма­раттар мен үй-жайларды жөн­деу­ге жұмсауға мүмкіндік берді. Үс­ті­міз­дегі жылы ғимараттарға жөн­деу жүргізу және қызмет­кер­лерді кө­шіру бойынша жұмыстар­ды Қы­зылжар, Аққайың және Мам­­лют ау­дандарында жүзеге асыру жос­пар­ланған. Осылайша, соңғы жыл­дары мемлекеттік мү­лікті бас­қару­дың сапалық деңгейі артып, қа­ра­жатты игерудің жаңа мүмкін­діктері пайда болды деп айта аламыз.

Дамир ТЕМІРҒАЛИ,

облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp