Петропавлдық полицейлер облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп контрафактілі алкогольдің ірі партиясын тәркіледі. Тексеріс барысында қаладағы кәсіпорындардың бірінің қосалқы бөлмесінен бес литрлік 226 пластикалық бөтелкедегі спирттік ішімдіктер мен 1,5 мың литрлік бөтелкелердегі сыра, сондай-ақ, 653 блок контрафактілі темекі алынды.
– Лицензиялау рәсімінен өткізілмеген өнімдер тұтынушылардың денсаулықтарына және өмірлеріне қауіп төндіруі мүмкін. Заңсыз алкогольге қарсы күрес, алғашқы кезекте, халықтың денсаулығына келетін қауіптен қорғауға бағытталған. Енді спирттік ішімдіктер мен темекінің заңсыз айналымымен айналысқан тұлғалар заң алдында жауап беретін болады, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.