«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАРҒА ЖҰҚҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы кү­рес жөніндегі облыстық орталықта иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 1238 адам тіркеуде тұр. Соның ішінде 13 бала бар.

Өткен жылдың соңында диагностикалық зертханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, жабдықтар жаңартылды. Медициналық қондыр­ғылар АИТВ-инфекциясын анықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. Мамандар зерттеулерді сапалы жүргізу үшін зертхана барлық қажетті жабдықтармен, реактивтермен, тест-жүйелермен жабдықталғанын айтты. Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Наталья Гордымова 2021 жылдың екі айының қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелгенін атап өтті. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,7 пайызға аз.

– Үстіміздегі жылы аталмыш ауруды жыныстық жолмен, сондай-ақ, инъекциялық есірткіні қолдану арқылы жұқтырғандар бар, – деп атап өтті ол. Инфекциялық ауру жұқтырғандардың дені 40-49 жастағы тұрғындар. Соңғы екі жылда балалар арасында ауру тіркелген жоқ.

Зертханашы дәрігер Юлия Дигтяр облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарға құпия медициналық тексеру қағидаларына сәйкес тексеру жүргізілетінін жеткізді. Зертханада ауру жұқтырған науқастардың вирустық жүктемесі (қандағы вирустық бөлшектердің саны) анықталатынын, яғни олар алатын емнің мониторингі жүргізілетінін айтып өткен жөн.

Александра КОНДРАТОВА,

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp