«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 13, 2021

Сергеев су қоймасы тасып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы тасып жатыр. Мамандардың айтуынша, асып-төгілу 1 см-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көшпелі екпе пункттері жұмыс істеп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға ниет еткендердің саны артты. Ауыл тұрғындарына екпе егу үшін көшпелі екпе пункттері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ӨТКЕЛДЕРІ

Егемендіктің алғашқы жеңісін алқызыл галстуктан құтылған сәтте сезіндім. Бұрын мектепке жуылмағанын, үтіктелмегенін тағып барсаң, жиналысқа салатын, ұрыс еститінсің. Енді ол азаптан құтылдық. Қылқындырған, тынысты тарылтқан “қыл арқаннан” үш ғасыр уақыттан кейін Қазақ елі де азат болды. Басылым беттерін парақтай отыра, 1993 жылдың тарихи оқиғаларға бай екеніне куә болдым. Шекара туралы заң қабылданып, Ата Заңымыздың алғашқы …

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ӨТКЕЛДЕРІ Read More »

Бірлескен іс жемісті

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Жарқын Ғалымовтың қатысуымен “Adal business” дәстүрлі диалог алаңында кәсіпкерлермен кездесу өтіп, шағын және орта бизнес саласына қатысты жайттар талқыланды.

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ерлер арасында сынға түскен “Есіл” волейбол клубы Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында команданы айтулы жетістігімен құттықтады.

Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. «Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

КЕМЕЛДІК ЖОЛЫ

Қазақ ғылымындағы толағай тұлғалардың бірі десек артық айтқандық болмас, академик Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдинмен 2012 жылы “Egemen Qazaqstan” газетінде қызмет істеп жүргенде жақынырақ танысқан едім. Содан бері байланысымыз үзілген жоқ. Бірнеше сұхбат алдым. Солардың бәрі еліміздің бас газетінде, қазір өзім істейтін “Soltüstık Qazaqstanda” жарияланды, жеке кітап болып шықты. Десек те, Жабайхан Мүбәрәкұлы мен үшін әлі де …

КЕМЕЛДІК ЖОЛЫ Read More »

ЖОҚШЫЛЫҚ ПЕН АШТЫҚТЫҢ АЗАБЫН ТАРТТЫҚ”

Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, “Память” қоғамдық қорының төрағасы Болат Сағындықовтың есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Еңбек ардагерінің зұлмат жылдары зобалаң көрген саяси қуғын-сүргін құрбандары есімдерінің ұмытылмай, халық жадында жаңғыруына сіңірген еңбегі аз емес. Қартайса да, қайраты қайтпаған, тұғырынан таймаған ақсақалмен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

БАЛАЛАРҒА ЖҰҚҚАН

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы кү­рес жөніндегі облыстық орталықта иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 1238 адам тіркеуде тұр. Соның ішінде 13 бала бар.

БЕРЕКЕСІ МОЛ АЙ

Халқымыз Рамазанды береке­сі мен кешірімі мол “он екі айдың сұлтаны” деп әспеттеген. Оның бас­­ты ерекшелігі – Алла тағала ислам­ның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы алшақтықты айқындап беретін қасиетті Құран осы Рамазанда түсірілді. Сондықтан бұл айда оқылған Құран …

БЕРЕКЕСІ МОЛ АЙ Read More »

ҚАР СУЫНАН ҚАУІП БАР

Өңіріміздегі республикалық және облыстық маңызы бар екі тас жолды еріген қар суы шайып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары ұйымдастырған брифингте айтылды.