«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасөспірімдер құқығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық ста­тис­тика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық бас­қармасында кәмелетке толма­ған­дарға қатысты қылмыстарды есеп­ке алу, білім беру, тәрбие­леу, демалыс және сауықтыру, де­не шынық­ты­ру, әлеуметтік қыз­мет­тер көрсету, мә­дениет және өнер саласында­ғы ұйымдардың еңбек заңнама­сын сақ­тау мәсе­лелері бойынша “дөң­ге­лек үстел” отырысы өтті.

Аталған іс-шараға прокура­ту­ра, полиция, медициналық және фар­мацевтикалық бақылау де­пар­та­менттері, кәмелетке толма­ғандар­дың істері жөніндегі комис­сия, ден­саулық сақтау, білім, де­не шынық­тыру және спорт бас­қар­малары, балалар-жасөспірімдер спорт мек­тептерімен жұмыс жөніндегі дене шынықтыру-спорт орталығы, Пет­ро­павл балаларға әлеуметтік қыз­мет көрсету орта­лықтарының өкіл­дері қатысты.

Алқалы басқосуда құқықтық кем­шіліктердің ал­дын алу мәсе­ле­лері бойынша баян­дамалар тың­далды. Өскелең ұрпақты қор­ғаудың басым бағыты кәмелетке толмағандарды қыл­мыс­тық-құ­қықтық қорғау болып та­былаты­ны, бұл орайда мемлекет­тік ор­гандар мен ұйымдардың өз­ара іс-қимылы маңызды рөл атқа­ра­ты­ны ерекше атап өтілді.

Наталья МИТКАЛЕНКО,

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp