Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды есепке алу, білім беру, тәрбиелеу, демалыс және сауықтыру, дене шынықтыру, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша “дөңгелек үстел” отырысы өтті.
Аталған іс-шараға прокуратура, полиция, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия, денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі дене шынықтыру-спорт орталығы, Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының өкілдері қатысты.
Алқалы басқосуда құқықтық кемшіліктердің алдын алу мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды. Өскелең ұрпақты қорғаудың басым бағыты кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылатыны, бұл орайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы маңызды рөл атқаратыны ерекше атап өтілді.
Наталья МИТКАЛЕНКО,
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың бөлім басшысы.