«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 20, 2021

740 оқушы коронавирус жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар арасында коронавирустың таралуына байланысты бір мектеп және 46 сынып қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

КІМ КІНӘЛІ?

– Әй, сары! Желке тұстан естілген таныс дауысқа жалт бұрыламын деп темекінің түтініне шашалып қала жаздадым. Өзімнің ауыл­дасым, әкемнің құрдасы Ыбырай аға екен. Ауылдан екі жылдай бұрын көшіп келген. Қазір қоңырқай тартқаныммен, бала күнім­де нағыз шикі сарының өзі едім, кез­дескен жерде үнемі соны еске салады. Тағы бір пәленің шетін шығармаса екен деп ішім қылп ете …

КІМ КІНӘЛІ? Read More »

Тізбегіне ілесіп тырналардың…

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры әде­биет бөлімінің меңгерушісі Нұрислам Әбділдің өлеңдері мен шағын әңгімелері республикалық басылымдар мен сайттарда жиі жарияланып тұрады. Ол – айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, облыстық, республикалық ақындар айтысы мен мүшайралардың жүлдегері. Бүгін жас ақынның топтама өлеңдерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ӘСЕРЛІ КЕШ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өткен “Азия саунд” вокалды-аспапты ансамблінің концерті көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мәдени шараны облыстық филармонияның жеке орындаушылары мен хореографиялық ұжымдары бірлесіп ұйымдастырды.

Алысқа ұзай алған жоқ

Түнде белгісіз қылмыскер Қызылжар ауданының Кондратовка ауылындағы дүкендердің біріне терезеден кіріп, төлем терминалын бұзған. 250 мың теңгеден қағылған дүкен иесі полицияға жүгінген. Қылмыс орнына жедел-тергеу тобы, сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің басшылығы келген. Сол күні ауылдан темір жолға қарай беттеген екі күдіктіні көрген куәгер табылған. Күдіктілер Кондратовка ауылынан 3 шақырымдай жерде, темір жолдың бойында ұсталды. Біреуі …

Алысқа ұзай алған жоқ Read More »

Асау толқын арнасына түскендей

Өңірдегі кейбір өзен-көлдердегі жағдай тұрақтала бастады. Сергеев суторабының басшысы Бақытжан Амантаевтың айтуынша, 18 сәуір күні су бөгет жотасынан 1 метр 67 сантиметрге дейін көтерілген еді, қазір едәуір түскен – 140 сантиметр маңайында. Яғни, су қоймасынан жоғары аймақтарда су деңгейі түскен. Тек төменіректегі елді мекендерге біраз қауіп төнуі мүмкін.

“Әдемі-ау”-дың сыршыл әлемі

Етегі желбіреген көйлек, оюмен көмкерілген қамзол, үкісін қондырған кәмшат бөрік, сың­ғырлаған шолпыларын таққан “Әдеміаудың” қыздары сахнаға шыққан сәтте көрермендер жадырап сала берді. Олар мың бұралған қыздардың қимыл-қозғалысын бағып, би әлемінің тұңғиығына сүңгіді. Ауыз әдебиеті, ән-күй, салт-дәстүр – шежіремізді, түп-негізімізді, халықтың болмысын көрсететін ел мұрасы болса, би де ұлтымыздың сондай көркемдік ойының бір көрінісі. “Әдемі-ау” қазақ …

“Әдемі-ау”-дың сыршыл әлемі Read More »

ҰСТАЗДЫҚ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

Ұлағатты ұстаздарсыз кез келген елдің жарқын болашағын елестету қиын. Себебі экономиканың, әлеуметтік сала мен руханияттың – тұтастай қоғамның дамуы мұғалімдердің еңбегінің нәтижесіне, яғни оқытқан шәкірттеріне тікелей байланысты. Біліммен қаруланған, ой көкжиегі биік азамат қана мемлекеттің қарыштап дамуына өзіндік үлесін қоса алады.

Көпке үлгі

“Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі”, – деп еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда ауылдық жерлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осының арқасында шалғай елді мекендерде тірлік қайта жанданып, ағайынның жағдайы жақсарып келеді. Сондай ауылдардың бірі – Тайынша ауданындағы Вишневка. Бұл елді мекен осыдан 85 жыл бұрын құрылған. Нарықтың қыспағына қарамастан барын жоғалтпай, …

Көпке үлгі Read More »

КӨЛІКТІ ТІРКЕУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтар төрт мыңнан астам көлікті өздері тіркеді. Олардың ішінде екі мыңға жуық азамат көлік құралын қайта тіркеді. 1200-ден астам тұрғын жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды. 2020 жылы облыс тұрғындары “egov.kz” порталы арқылы 2956 автокөлікті қайта ресімдеп, 6006 жүргізуші куәлігін алған болатын.

35 адам ауру жұқтырды

Бүгінгі күнге дейін өңірімізде 13614 адам қауіпті инфекция жұқтырды. Шамамен сегіз жарым мың науқаста ауру белгісі болған. Ал сәуірдің 18-і күнгі жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясына 35 адамның шалдыққаны белгілі болды.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ — ТӘУЕКЕЛ

Өткенге бүгінгі күннің көзімен үңіліп қарайтын болсақ, тәуелсіздік, азаттық, елдік, тұтастық, бірлік деген киелі ұғымдардың мән-мағынасын жан-тәніңмен түсініп, қадір-қасиетін жете сезінеді екенсің. Бүкіл адамзат танитын, құрметтейтін егемен мемлекет құру жолындағы шиыршық атқан шытырманды тарихи кезеңдердегі игілікті істер, ұлы мұрат жеңістері мен жемістері, тұтастыққа сына қағылар сәтте ұлттың мызғымас ауызбірлік үлгісі елімізді тағдыр тәлкегіне түсірмей небір …

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ — ТӘУЕКЕЛ Read More »

НҰРҚОЖА — ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында күрес түрлерінен өткен Азия біріншілігінде жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов чемпион атанды. Сарықұрлықтың кілең мықтылары жиналған додада жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық балуанды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады.