«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСЕРЛІ КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өткен “Азия саунд” вокалды-аспапты ансамблінің концерті көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мәдени шараны облыстық филармонияның жеке орындаушылары мен хореографиялық ұжымдары бірлесіп ұйымдастырды.

– Пандемияға байланысты біз осындай рухани кештерден қол үзіп қалдық. Концертті қашықтан та­машалағаннан гөрі, залда өнерпаздармен жүздесудің әсері ерекше болатынын сезінгендейміз. Өнерге шөліркеген көрермен үшін бұл кеш эмоцияға толы болды. Осындай шығармашылық кештер жиі ұйымдастырылса екен. Біз өнерпаздардың шеберлігіне тәнті болдық, – деді қала тұрғыны Ырысжан Назыбаева.

Шарада ансамбльдің солисі Ма­рат Гайнулин қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тамаша әндерді орындаса, Бүркіт Жанай, Любовь Зорина, Данияр Құстанов, Мұхит Ахметов пен өзге де әншілердің өнері көптің көңілінен шықты. “Melomix” тобы, “Туған жер”, “Sensіtive”, “Әдемі-ау” би ансамбльдері де кештің көрігін қыздырды. Осылайша концерттен рухани ләззат алған көрермендер жақсы әсермен тарқасты.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp