«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

35 адам ауру жұқтырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күнге дейін өңірімізде 13614 адам қауіпті инфекция жұқтырды. Шамамен сегіз жарым мың науқаста ауру белгісі болған. Ал сәуірдің 18-і күнгі жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясына 35 адамның шалдыққаны белгілі болды.

Өкінішке қарай, науқастардың 60 пайызында ауру белгісі бар. Қауіпті инфекция жұқтыру бойынша Аққайың, Мамлют, Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев аудандарында бір, ал Айыртау, Тайынша, Есіл, Жамбыл, Қызылжар аудандарында 3-4 науқастан тіркелсе, Петропавл қаласында көрсеткіш жоғары. Мамандардың айтуынша, ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 31 адамнан алынды. Сондай-ақ, аурудың алдын алу, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында бірнеше адам сынама тапсырды. Індеттің таралуына жол бермеу үшін қазір өңірде қауіпсіздік шаралары мен карантин талаптары күшейді. Бүгінге дейін облыста “COVID-19” инфекциясына 315036 зерттеу жүргізілгенін айтып өткен жөн. Өткен тәулікте жүргізілген зерттеу саны – 654.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp