«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Еңбек жолы” – үздіктер сайысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Еңбек Жолы” байқауына қа­тысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдерді қабыл­дау одан әрі жалғасуда.

Конкурс “Үздік еңбек әулеті”, “Өн­дірістің үздік жас қызметкері”, “Жұмысшы жастардың үздік тә­лім­гері” аталымдарынан тұра­ды.

Аталған конкурс жастарды ең­бекке құрметпен қарау, еңбек дәс­түрлерін сақтау және көбейту ру­хында тәрбиелеу мақсатында үз­дік еңбек әулеттері мен өндіріс қыз­меткерлерін анықтайды. Кон­курс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және “Жал­пыға ортақ еңбек қоғамы” ұраны аясында еңбек өнімділігін ынта­ландыруға ықпал етеді.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: “Ең­бек жолы” конкурсы жеңімпазда­рын облыстық және республика­лық деңгейде іріктеу.

Республикалық комиссия же­ңім­паздарды конкурстың әр номи­на­циясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.

• “Үздік еңбек әулеті” – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

• “Өндірістің үздік жас қызмет­кері” – өндірістің еңбек өтілі 5 жыл­дан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

• “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері” – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурстың әр номинация бо­йынша жеңімпаздарды ақшалай марапаттау мақсатында 1 орынға – 1 000 000 (бір миллион) теңге, 2 орынға – 500 000 (бес жүз мың) тең­ге, 3 орынға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде сертификаттар беріледі.

“Еңбек Жолы” конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар­ға сәйкес “Еңбек Жолы” облыстық конкурсына қатысу үшін үміткер­лер­ден алынған ресімделген ма­те­риалдарды “СҚО әкімдігінің мем­лекеттік еңбек инспекциясы басқармасы” КММ-не (Петропавл қ. Абай к., 64) 2021 жылғы 1 шіл­деге дейін қолма-қол ұсыну қажет.

“Еңбек Жолы” конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар “СҚО әкімдігінің мемлекеттік ең­бек инспекциясы басқармасы” КММ-нің git.sko.gov.kz. ресми сай­тында жарияланды.

2019 жылы “Еңбек Жолы” рес­публикалық конкурсының “Өнді­ріс­тің үздік жас қызметкері” номи­нациясы бойынша бірінші орынды Уәлиханов ауданынан келген жер­лесіміз жалпы тәжірибе дәрігері Юлия Шевченко иеленгенін, оған 1 млн. теңге мөлшерінде ақшалай сертификат берілгенін естеріңізге саламыз.

Еңбек әулеттерінің өкілдерін, ынталы жас қызмет­керлерді, олардың тә­лімгерлерін Конкурсқа белсенді түр­де қатысуға шақырамыз.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp