“Еңбек Жолы” байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдерді қабылдау одан әрі жалғасуда.
Конкурс “Үздік еңбек әулеті”, “Өндірістің үздік жас қызметкері”, “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері” аталымдарынан тұрады.
Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және “Жалпыға ортақ еңбек қоғамы” ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: “Еңбек жолы” конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу.
Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.
• “Үздік еңбек әулеті” – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
• “Өндірістің үздік жас қызметкері” – өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
• “Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері” – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.
Конкурстың әр номинация бойынша жеңімпаздарды ақшалай марапаттау мақсатында 1 орынға – 1 000 000 (бір миллион) теңге, 2 орынға – 500 000 (бес жүз мың) теңге, 3 орынға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде сертификаттар беріледі.
“Еңбек Жолы” конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес “Еңбек Жолы” облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды “СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы” КММ-не (Петропавл қ. Абай к., 64) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін қолма-қол ұсыну қажет.
“Еңбек Жолы” конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар “СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы” КММ-нің git.sko.gov.kz. ресми сайтында жарияланды.
2019 жылы “Еңбек Жолы” республикалық конкурсының “Өндірістің үздік жас қызметкері” номинациясы бойынша бірінші орынды Уәлиханов ауданынан келген жерлесіміз жалпы тәжірибе дәрігері Юлия Шевченко иеленгенін, оған 1 млн. теңге мөлшерінде ақшалай сертификат берілгенін естеріңізге саламыз.
Еңбек әулеттерінің өкілдерін, ынталы жас қызметкерлерді, олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы.