«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Егемендік табыстары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еңбек жолымды Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында бастап, саналы ғұмырымның жарты ғасырын осында өткеріппін. Тоқсанның төріне аяқ бассам да, естен кетпес жылдар бедерінде көптеген ғылыми жаңалықтардың ашылуына, өндірісте қолданылуына тікелей ұйытқы болғанымды мақтан етемін. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ауыл шаруашылығы ғылымында айтарлықтай табыстарға жеттік. Соның бірін баяндайын. 

Бірде мекеменің бұрынғы директоры, тәжірибелі басшы Белгібай Қанафин жаздық жұмсақ бидайға сұраныстың жоғары екенін жеткізе келіп, жаңа сұрыбын ойлап табуға қолқа салды. Солтүстіктің ауа райы қатал, құбылмалы келетіні ескеріліп, өңір климатына төзімді әрі тез пісетін сұрыбын клеткалы технологиялар негізінде өсіру ұйғарылды. Сұрып шығару көпшілік ойлағандай оңай болмаса да, маңдай теріміз ақталып, мемлекеттік комиссияның сынағынан ойдағыдай өтті. Дәнді дақылға ат қоюға келгенде әріптестерім: “Ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегіңіз зор, осы сұрыпты дүниеге әкелген ғалымдардың бірісіз. Жұмысты ұйымдастырудың бел ортасында жүрдіңіз. Егіншіліктің білікті маманысыз. Есіміңіз “Қазақстанның ең үздік адамдары” энциклопедиясына жазылған. “Семеновна” болсын” деген өтініштеріне келіспеске лаж қалмады. Әкемнің аты жаңғырғанына іштей қуандым.

Біз шығарған жаздық жұмсақ бдай қуаңшылыққа төзімді, өнімділігі жоғары, әрі тез піседі. Ең бастысы, солтүстіктің ауа райына бейім. Екі сұрыбын өңірге жерсіндіріп, дүниежүзілік өсімдік шаруашылығының тізбесіне енгізілді.

Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы еліміздегі іргелі ғылыми орталықтардың бірі саналады. Дәнді дақылдардың орташа түсімі 20 центнерден төмендеген емес. Нақты егіншілік жөніндегі технологияларды трансферттеу және бейімдеу қанатқақты бағдарламаларын жүзеге асыру барысында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Теріскейдің тәуекелі көп ауа райы жағдайында клеткалы технология бойынша жаздық жұмсақ бидайдың тез пісіп-жетілетін сұрыптарын жерсіндіру сәтті жүргізіліп келеді.

Ольга ГААС,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Аққайың ауданының құрметті азаматы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp