«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 22, 2021

КҮРДЕЛІ ОТАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

Еліміз егенмендік алғаннан бері медицина саласына назар ерекше. Табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі – облыстық кардиологиялық орталықтың ашылуы. Емдеу мекемесі осыдан 12 жыл бұрын өз жұмысын бастаған болатын.

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР

Елімізде ғылым мен білімді дамытуда егемендік жылдары көптеген жобалар жүзеге асырылды. Солардың ішінен Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуын ерекше атап өткен жөн. Бұл білім ордаларында дарынды жастар шоғырланған. Олар ғылым саласында да тырнақалды табыстарымен көзге түсуде. Мәселен, Петропавлдағы зияткерлік мектеп оқушылары Аида Тегумбаева мен Аружан Мамбетова пайдаланылған тетрапак қапшықтарын, қайта өңдеу бойынша инновациялық жоба ойлап тапты.

Тың бастама

Біздің шаруашылық облыста бірінші болып биыл гидропоника әдісімен мал азығын дайындауды қолға алды. Арпа тұқымын топырақсыз өсіріп, экологиялық табиғи таза өнім алуға болатынын тәжірибе жүзінде сынап көруді ұйғардық. Тың технологияны өндіріске енгізіп едік, нәтижесі біз күткендегіден де асып түсті. 1200 сиырдың күйлі де сүтті болуына айтарлықтай әсер етті.

АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ БАҚЫЛАУ

Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Қазір өркениетті елдер толықтай цифрландыруға көшіп, ақпараттық технологиялар нарығына дендеп ене бастады. Бұрындары ғарыш индустриясында NASA ғарыш агенттігінің ғана жетістіктері сөз етілсе, бүгінде одан жекеменшік компаниялар да қалыспай, әр саланың қозғаушы күші бола алатын озық технология платформасын құруға мүдделілік танытып келеді.

Қызылжар ғылымының қарашаңырағы

Бүгінгідей жедел жаhандану үрдісінде өмірімізді қарқынды дамыған технологияларсыз көзге елестету қиын. Қай саланы алсақ та, ғылымның алға шыққанын байқауға болады. Оның нақты экономикадағы теңдессіз рөлі озық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда, өндірілген өнімдер мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілік қарымында айқын байқалады. Университет ұжымының алға қойған басты мақсаты – білім мен ғылымның жинақталған осызаманғы үздік үлгілерін кеңінен …

Қызылжар ғылымының қарашаңырағы Read More »

Егемендік табыстары

Еңбек жолымды Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында бастап, саналы ғұмырымның жарты ғасырын осында өткеріппін. Тоқсанның төріне аяқ бассам да, естен кетпес жылдар бедерінде көптеген ғылыми жаңалықтардың ашылуына, өндірісте қолданылуына тікелей ұйытқы болғанымды мақтан етемін. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ауыл шаруашылығы ғылымында айтарлықтай табыстарға жеттік. Соның бірін баяндайын. 

АРМАНЫМЫЗ – АЛТЫН ЖҮЛДЕ

Волейболдан ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатында солтүстікқазақстандық “Қуаныш” клубы қола медальді жеңіп алғаны белгілі. Өңір волейболшылары бұ­рын-соңды мұндай жетістікке жетіп көрмеген. Әр жетістіктің астарында тынымсыз жаттығулар мен төгілген тер жатқаны сөзсіз. Спортшылардың жұлдызын жағып, жеңістің сара жолына салатын адам – жаттықтырушы. Олай болса, бүгінгі сұхбатымыз “Қуаныш” волейбол клубының бас бапкері Азамат Есімовпен өрбімек.

БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ КИЕЛІ МҰРАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бабаларымыздың киелі мұрасы» деген атаумен өткен көрмеде жұртшылықтың назарына археологиялық ескерткіштер, көрнекті тұлғалардың есімдерімен байланысты қасиетті орындар, діни маңызы бар нысандар бейнеленген фотосуреттер ұсынылды.

ЖАНУАРЛАРҒА ЖАНАШЫР

Жасөспірімдерді жақсылық жасауға жұмтылдырудың маңызы зор. Мәселен, ұл-қыздар иесіз қалған үй жануарларына жанашырлық танытса, құба-құп. Осы орайда жуырда Петропавлдағы №12 орта мектепте волонтерлердің ұйымдастыруымен «Үміт сыйла» акциясы өтті. Қайырымдылық шарасына оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары мен мұғалімдер қатысты. Нәтижесінде 40 килограмм жарма жиналып, «Белый Бим» панажайына тапсырылды. Жұлдыз ӨМІРБЕКОВА, №12 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы …

ЖАНУАРЛАРҒА ЖАНАШЫР Read More »

Eskertu!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 23 сәуір күні өңірімізде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертеді. Кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал.

КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

Петропавлдың шет аудандарының бірінде тоқтап тұрған «KIA» маркалы автокөлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашқан күдікті бейнекамераға түсіп қалған. Салдарынан көлік иесі 1 миллион теңгенің шығыны келтірілгенін айтып, полицияға арызданды.

29 адам құтырмаға қарсы екпе алды

Солтүстік Қазақстан облысында 29 адам құтырма ауруына қарсы вакцина алды. Ауру малды баққан ауыл тұрғындары қазір медицина қызметкерлерінің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық аулауға уақытша тыйым салынды

Солтүстік Қазақстан облысында уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға тыйым салынды. Ережені бұзғандарға 116 680 теңгеге дейін (40 АЕК) айыппұл салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.