Жүзуден Ақтөбе қаласында өткен ел біріншілігі аяқталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 15 команда, 250 спортшы қатысты.
Біріншілікте Петропавл қаласындағы олимпиадалық резервтегі «Дельфин» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Мирослава Пригоженко бақ сынап, өңір намысын абыроймен қорғады. Ол 50 метрлік қашықтыққа еркін стиль бойынша жүзіп, үздік үштікті түйіндеді
Спортшының жаттықтырушысы Александр Савельевтің айтуынша, бұған дейін Мирослава V Жастар ойындарында қола медаль иеленсе, осы жолы ересектер арасында алғаш рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр.
Аманжол НҰРТАЗИН.