Жасөспірімдерді жақсылық жасауға жұмтылдырудың маңызы зор. Мәселен, ұл-қыздар иесіз қалған үй жануарларына жанашырлық танытса, құба-құп. Осы орайда жуырда Петропавлдағы №12 орта мектепте волонтерлердің ұйымдастыруымен «Үміт сыйла» акциясы өтті. Қайырымдылық шарасына оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары мен мұғалімдер қатысты. Нәтижесінде 40 килограмм жарма жиналып, «Белый Бим» панажайына тапсырылды.
Жұлдыз ӨМІРБЕКОВА,
№12 орта мектеп директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.