Петропавлдың шет аудандарының бірінде тоқтап тұрған «KIA» маркалы автокөлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашқан күдікті бейнекамераға түсіп қалған. Салдарынан көлік иесі 1 миллион теңгенің шығыны келтірілгенін айтып, полицияға арызданды.
Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері әуесқой бейнежазбадан күдіктінің кім екенін жылдам анықтады. Алайда, ол тұрғылықты мекенжайына келмей, бірнеше күн бойы жасырынып жүрді. Ақырында ұсталған күдікті мас болғанын, нысананы кездейсоқ таңдағанын айтып, өз кінәсін мойындады. 26 жастағы қала тұрғынына зақым келтірілген көліктің иесі бұрын жұмыс берген екен. Арадағы кикілжің содан басталған көрінеді. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің
инспекторы.