Облыс орталығының маңындағы саяжай үйі өртеніп, иесі қаза тапты.
Төтенше жағдай 21 сәуір күні таңертең «Буревестник» саяжай қоғамдастығында орын алды. Оқыс оқиға жайлы хабар «101» телефон нөміріне кеш келіп түскен. Сол уақытта жайылып үлгерген жалынмен өрт сөндірушілер 2 сағаттан артық арпалысты. Өкінішке қарай, үй ішінен саяжай учаскесінің иесі – 1956 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оған қоса бір шатырдың астындағы үй, монша және гараж толық жанып кетті. Болжам бойынша, өрттің шығуына абайсыздық себеп болуы мүмкін.
– Саяжай кооперативтерінде өрттің шығуына көбіне кепкен шөп пен қоқысты жағу салдары себеп болып жатады. Сондықтан аумақ үнемі таза ұсталып, қоқыстардан жүйелі түрде тазалануы керек. Негізі қоқысты жою саяжай тұрғындарының емес, арнайы қызметтердің міндетіне айналуы тиіс. Сондықтан коммуналдық қызметпен келісімге отырған маңызды», – дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің аға инженері Марина Самойленко.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының
бас маманы.